Португалияда мектептер мен университеттер жабылды

Португалия үкіметі елде коронавирустың британиялық штамын жұқтыру саны күрт өскендіктен, мектептер мен университеттерді жауып, бүгіннен бастап Ұлыбританиямен әуе қатынасын тоқтатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Премьер-министр Антониу Коштаның мәлімдеуінше, осы аптада жаңа штамды жұқтыру 20%-ке өсті. Сонымен қатар соңғы бір тәулікте 220-дан астам науқас бүл дерттен қайтыс болды. Жалпы 10 миллион халқы бар Португалияда індет басталғалы 600 мыңдай адам коронавирусты жұқтырып, 9700 дей адам одан қайтыс болған.