Францияда елді мекендерді халықты вакциналайтын автобустар аралайды

Алшақта тұратын Франция тұрғындарында вакцина егетін арнайы автобус келетін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Вакси-бус» деп аталған көлік Гранд-Эст өңіріндегі қалашықтар мен елді мекендерді аралай бастады. Осылай жергілікті билік егде жастағы азаматтар мен вакциналау орталықтарына өз бетімен жетуге мүмкіндіктері жоқ адамдарды екпемен қамтымақ. Вакцина салдырғысы келетін адамдар телефон арқылы хабарласып немесе онлайн тапсырыс беруі керек. Сонда автобус белгіленген жерге келеді. Бұл шара наурыздың біріне дейін жалғасады.

Катрин Вотран, Реймс агломерациясының басшысы:

– Тек біздің агломерациямызда 143 елді мекен бар. Жүзге жуығында бір мыңнан аз халық тұрады. Сондықтан тұрғындарына барынша тез және тұратын жерінен алыстамай вакцина егеміз деп шештік.