Боливияда халықты коронавирусқа қарсы вакциналау басталды

Екпе алдымен дәрігерлерге салынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл үшін ресейлік Спутник V вакцинасының 20 мың дозасы жеткізілген. «Астразенека» компаниясы және халықаралық «КОВАКС» жүйесі бойынша өзге де вакциналарды алу жоспары бар. Бүгінде елде індеттің таралуы көрсеткіші күшейген. Дәрігерлер жалпыұлттық карантин енгізуді талап етіп отыр. Билік тиісті шара қабылдамайтын болса, науқастарды қабылдауды тоқтатпақ. Ресми дерекке сүйенсек, Боливияда індет таралғалы 200 мың адам қауіпті вирус жұқтырған.

Луи Арсе, Боливия президенті:

– Коронавирустың екінші толқынымен күрес бойынша жоспарымыз дайын. Ең алдымен, тестілеуді одан әрі күшейтеміз. Халықты дертке қарсы вакцинамен толық қамтамасыз етеміз.

Сондай-ақ...