Украина президентіне импичмент жариялана ма?

Украина оппозициясы президентке импичмент жариялау рәсімін бастайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған Владимир Зеленскийдің жергілікті телеарналарды жабу туралы шешімі түрткі болған. Бұған дейін президент 3 бірдей телеарна басшысы әрі оппозициялық партия өкіліне қарсы 5 жылға санкциялар салған еді. Бұл шешімді Жоғарғы Рада депутаттарының көбі қолдаған. Салдарынан 3 телеарна қызметін тоқтатты. Бірақ «Оппозиционная платформа – За жизнь» партиясы өкілдерінің пікірінше, бұл шешім демократияға қайшы келеді. Енді партия алдағы уақытта шұғыл отырыс өткізуі тиіс.