ДДСҰ: Вакцина бедеулікке әкелмейді

«Коронавирусқа қарсы вакцина адамның ДНҚ-сын өзгертіп, бедеулікке әкеледі» деген еш негізі жоқ, қате пікір.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Вакциналар жөніндегі департамент басшысы Кейт О’Брайен осылай деп мәлімеді. Ал ұйымның өзі «Твиттерде» мәселеге байланысты бейнежазба жариялады. Сарапшылардың айтуынша, ешқандай вакцина бедеулікке әкелмейді. Ал COVID-19-ға қарсы екпе ақпараттық Рибонуклеин қышқылының негізінде жасалып жатқандықтан, адамның ДНҚ-сына еш әсер етпейтінін айтады.

«Өйткені Ақпараттық РНҚ тек ағзаға вируспен күресетін ақуыз жасау керектігі жайлы хабарлап, адамда дертке қарсы табиғи иммуниет пайда болады» - дейді мамандар. 

Сондай-ақ...