Техаста 130 көлік соқтығысып, алты адам қаза тапты

АҚШ-тың Техас штатында ірі жол апаты тіркелді. Форт-Уэрт тас жолында 130 автокөлік бір бірімен соқтығысып қалған.

Оиғадан 6 тұрғын мерт болып, ондаған адам түрлі жарақат алды. Қазір ауруханада 65 науқас дәрігерлердің жіті бақылауында. Арасында жансақтау бөліміне түскендер бар. Билік апаттан қаза тапқандардың саны тағы өзгеруі мүмкін дейді. Алдын ала болжам бойынша жол апатына көктайғақ себеп. Қазір оқиға орыны қоршауға алынды. Құтқарушылар мен полиция қызметкерлері  жұмысын жалғастыруда. Синоптиктер алдағы күндері аймақта қар аралас жауын жауып, ауа температурасы әлі де төмендеуі мүмкін екенін айтады. Сондықтан мамандар халықты мүмкіндігінше жолға шықпай сақ болуға шақырады.

Сондай-ақ...