Грузия премьер-министрі отставкаға кетті

Грузия премьер-министрі Георгий Гахария отставкаға кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үкімет басшысы қызметінен бас тартатыны жөнінде арнайы баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді. Оның мұндай шешім қабылдауына елдегі саяси дағдарыс түрткі болған. Бірақ Гахарияның айтуынша, оның лауазымнан бас тартуының басты себебі – соттың оппозициялық «Біртұтас ұлттық қозғалыс» партия жетекшісі Ники Мелияны қамауға алу туралы шешім шығаруы болған. Сондықтан үкімет басшысы елдегі ахуалдың ушықпауы үшін осындай қадамға баруды жөн көрген.