Ауғанстанда бірнеше жерде жарылыс болды

Бірі елдің оңтүстігіндегі Гильменд провинциясында орын алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиғадан 1 адам мерт болды. Тағы 15 тұрғын түрлі жарақаттанды. Зардап шеккендердің арасында екі полиция қызметкері бар. Жарылғыш зат халық көп шоғырланған сауда орнында іске қосылған. Жарылыстан жақын маңда тұрған автолөліктер де қирап қалды. Екінші жарылыс ел астанасы Кабулда ұйымдастырылды. Салдарынан екі адам мерт болды. Тағы 5 азамат жарақат алған. Марқұмдар мен зардап шеккендердің арасында балалар да бар. Екі лаңкестік оқиғаға қатысты жауапкершілікті ешбір террорлық ұйым өз мойнына алған жоқ. Жергілікті билік тергеу ісін бастады.