Бейжіңде роботтар даяшыларға көмекке келді

Бейжің қаласында даяшыларға көмекке роботтар келді. Карантиндік шектеу шараларына байланысты тағамды үйге жеткізу қызметіне сұраныс көбейген.

Түскен тапсырыстарды орындап үлгеру үшін кейбір мейрамхана роботтардың көмегіне жүгінген. Нәтижесінде қоғамдық тамақтану орнының біреуі күніне 300-ден аса тапсырысты орындап отыр.

Мамандардың айтуынша, жасанды интелектті қолдану уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ роботтар мейрамханада отырған қонақтарға да қызмет көрсете алады екен.

И Мэнлинь, мейрамхана менеджері:

- Төбеде келушілердің отырған орнын анықтайтын арнайы құрылғылар бекітілген. Робот камера арқылы ақпарат алады. Алдын-ала белгіленген жоспармен ғана қозғалады. Міндетін орындағаннан кейін орнына оралып, келесі тапсырысты күтеді. Бұл даяшылардың жұмысын, әсіресе адам көп болғанда едәуір жеңілдетеді. Ал қонақтарымыз үшін бұл өте қызық.