Филиппин үкіметі медицина қызметкерлерін вакцинаға айырбастауды ұсынды

Филиппин үкіметі медицина қызметкерлерін коронавирусқа қарсы вакцинаға айырбастауды ұсынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ бұл идеяға жергілікті «Медициналық қызметкерлер одағы» наразылық білдіріп жатыр. Ал Британияның Денсаулық сақтау министрлігі мұндай ұсынысты қабылдамайтынын мәлімдеп үлгерген. Ресми мәлімет бойынша Филиппинде 70 миллион тұрғынды вакциналау науқаны енді ғана басталды. Бұл – шамамен 108 миллион халықтың 70%-і. Ал мамандар елде COVID-19-ға қарсы екпе жеткіліксіз болып жатқанын алға тартып отыр.

Мелберт Рейес, «Медицина қызметкерлері одағының» президенті:

- Бұл хабарды алғаш оқығанда жағамызды ұстадық, жанымыз жараланды. Сонда біз вакцина үшін сатылатын зат, тауар сияқты болғанымыз ғой?! Үкіметіміз біздің қадірімізге жетеді және лайықты құрмет көрсетіп, қамқорлық жасайды деп сенеміз.

Хэрри Рок, Филиппин президентінің өкілі:

- Бұл Президенттің идеясы емес. Оны Еңбек министрі мен Сыртқы істер министрі айтқан. Бірақ біз бұл ұсынысты жақтаймыз.

Сондай-ақ...