Германия мен Бельгия кеденшілері 23 тонна кокаин тәркіледі

Жүк Нидерланд еліне жіберілмек болған. Оның 16 тоннасы Гамбург портында Парагвайдан келген жүк контейнерлерінен шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал қалғаны Панамадан Бельгияның Антверпен портына келген контейнрлерден табылды. Қылмыскерлер есіртікінің бірін ағаш тақтайшалар арасына салса, екіншісін қабырғаны толтыратын материалға араластырып шыныға жасырған. Неміс портында қолға түскен есірткінің құны 1,2 миллиард еуроға бағаланып отыр.

Рене Матшке, Гамбург кеден қызметінің өкілі:

– Осы іске қатысты Нидерландтағы жүк қабылдаушы компания мен бірнеше қойма тексерілді. 28 жастағы бір азамат ұсталды. Германияда тінтулер әзірге жүргізілген жоқ. Бірақ іске қатысты тергеу жүріп жатыр.