Патшайым Елизавета халыққа үндеу жасады

Ұлыбритания Патшайымы Екінші Елизавета отандастарын коронавируске қарсы екпе салуға шақырды.

Денсаулық сақтау саласының басшыларымен кездесуі барысында тілшілер патшайымнан вакцина егуден қандай әсер алғанын сұраған. 94 жастағы Елизавета жарымен бірге қаңтар айында вакцинаның бірінші дозасын салдырған. Британияда өткізілген сауалнама нәтижесі бойынша ел тұрғындарының 15 проценті вакцинаға сенбейтін көрінеді. Сондықтан, патшайым халыққа үндеу жасады.

Елизавета II, Ұлыбритания Патшайымы:

- Бәрі өте тез әрі жеңіл өтті. Вакцина егу халқымызды қауіпті дерттен қорғаудың ең тиімді жолы. Сондықтан баршаңызды бұл мүмкіндікті пайдалануға шақырамын.