Нигерияда ұрланған 317 оқушы тұтқыннан босатылды

Нигерияның солтүстігінде 26 ақпан күні ұрланған 317 оқушы бүгін босатылды.

Қыздар қазіргі уақытта Замфара штатының әкімшілік орталығы Гусау қаласына бара жатыр. Олар үшін төлем төленгені немесе төленбегендігі туралы ақпарат жоқ.

Еске сала кетсек, оқушыларды Джангебе қаласындағы қыздарға арналған мемлекеттік орта мектеп-интернаттан ұрлап әкеткен. Нигерияның қауіпсіздік күштерінің бөлімшелері мен полиция іздестіру жұмыстарын үздіксіз жүргізді. Ал штаттың билік органдары қыздарды құтқару мақсатында жергілікті қауым өкілдерімен келіссөздер жүргізіп отырған.

Vanguard