Жапонияда қайық аударылып, үш адам із-түзсіз жоғалған

Қытайда тіркелген қайық Жапонияның оңтүстігіндегі Окинава префектурасының айдынында аударылған болатын.

Салдарынан кем дегенде үш адам із-түзсіз жоғалды. Бұл туралы сейсенбі күні NHK хабарлады.

Одан қалды тағы жеті адам қайық маңында жүзіп жүр. Жапонияның теңіздегі қауіпсіздік жөніндегі басқармасы зардап шеккендер мен жоғалғандарды құтқару-іздеу жұмыстарын жүргізу үшін оқиға орнына кеме жіберген.