Индонезияда автобус жардан құлап, 26 адам мерт болды

Индонезияның Батыс Ява провинциясындағы Субанг қаласынан Тасикмалай аймағындағы қажылық орынға бара жатқан автобус 20 метр биіктіктен құлап, кем дегенде 26 адам қаза тапты.

Бұл туралы Media Indonesia хабарлады.

Автобус салонында 62 адам болған, олар – студенттер мен олардың ата-аналары, сондай-ақ жүргізуші. Қаза тапқандардан бөлек, 35 жолаушы ауруханаға жеткізілді, олардың 13-інің жағдайы ауыр. Тағы бір адамды іздеу жалғасуда.

Зардап шеккендердің айтуынша, автобус тежегішінен ақау шыққан болуы мүмкін.