Әлем бойынша 400 млн коронавирус вакцинасы салынды – Bloomberg

Әлемде коронавирусқа қарсы вакцинация бойынша ауқымды науқан жалғасуда.

Вакциналау 132 елде жүріп жатыр және бүгінгі күнге дейін 400 миллионнан астам адам екпені салдырған. Соңғы көрсеткіш бір тәулікте 9,64 млн дозаны құрады, деп хабарлады Bloomberg.

Сонымен, пандемия басталғаннан бері АҚШ-та 113 миллион екпе жасалды. Қазір бұл елде коронавирус жұқтырғандардан гөрі вакциналанған азаматтар саны көп.

Тұрғындары вакцинаны көп салдырған елдер:

Қытай (64,9 млн-нан астам),

ЕО елдері (52,5 млн-нан астам),

Үндістан (36,4 млн-нан астам),

Ұлыбритания (27 млн),

Бразилия (14,4 млн),

Түркия (12,3 млн).

Сондай-ақ...