Австралияда төпелеп жауған жауын тасқынға ұласты

Австралияның шығыс жағалауында төпелеп жауған жаңбыр соңы су тасқынына ұласты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Апаттан талай тұрғын зардап шегіп отыр. Олар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Қолда бар деректер бойынша Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының кей аудандарында жаңбырдың бір айлық мөлшері жауған. Салдарынан көшелер өзенге айналып, үйлерді су басқан. Жергілікті синоптиктер аймақтағы қолайсыз күн райы келесі аптаға дейін сақталатынын айтады.