430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үндістан криптовалютадан бас тартады

  • 112
  • UPD: 20:53, 21.03.2021
Үндістан криптовалютадан бас тартады

Үндістан үкіметі криптовалюта мен оны транзакция тетігі ретінде қолдануға тыйым салу туралы заң жобасын әзірледі.

Рейтер агенттігі хабарлауынша, жаңа заң жобасына сәйкес, криптоактивтерін иелену, шығару, алу, сату және берумен айналысқандар жауапкершілікке тартылады. Бірақ криптовалютасы барларға алдымен активтерді жою үшін алты айдай уақыт беріледі. Содан кейін заң бұзғандарға айыппұл салына бастайды. Қаңтар айында жергілікті үкімет биткоинге тыйым салуға үндеп, оны қаржылық операциялар үшін тиімсіз құрал деп таныған еді. Енді бұл заң жобасы қабылданса Үндістан криптовалютадан түбегейлі бас тартқан ел атанады.

Хабар 24 телеарнасы