Бангладештегі Рохинжа босқындары лагерінде болған өрттен 15 адам қаза тапты

Тағы 400-дей мигрант ұшты-күйлі жоғалып кеткен.

Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі агенттігі хабарлады. Сондай-ақ 550-ден астам адам жарақат алған. Төтенше оқиға салдарынан 45 мыңға жуық босқын далада қалған. Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз. Бангладеш билігі тергеу жүргізіп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, өрт елдің оңтүстік-шығысындағы Кокс-Базар қаласының маңындағы босқындар лагерінде 22 наурызда болды. Бұл жерде 2017 жылы Мьянмадағы қуғын-сүргіннен бас сауғалап қашқан рохинжалық мұсылмандар қоныстанған еді.

Сондай-ақ...