Чилиде ауыл балалары сабақты таудың басына шығып оқуға мәжбүр

Чилиде шалғай аудандардың тұрғындары үшін онлайн оқу мұңға айналды.

Ауыл балаларына интернетке қосылу үшін таудың басына шығуға тура келеді. Бұл ретте оларға ата-аналарының көмегі қажет. Өйткені тау басына сөмке және құрал-жабдықтармен қоса ноутбук мен отыратын үстелді де жеткізуге тура келеді. Коронавирусқа байланысты онлайн оқуға көшкен балалар қашықтан білім алудың машақаты көп екенін айтады. Өйткені түске таман шыжыған күннің астында отыру оңайға соқпайды. Интернетке қосылу да біраз уақытты алады екен. Кейде тіптен қосылғанша, сабақ аяқталып қоятын кездер де болады. Жалпы статистика бойынша Чили халқының шамамен 20 проценті интернетпен қамтылмаған екен. Бұл әсіресе шалғай аудандар үшін өзекті мәселе. 

Мануэль Ривьера, жергілікті тұрғын:

– Интернетке қосылу секілді проблема тек бізде ғана емес. Өңірде көп малшы тұрады. Олар да ұқсас қиындыққа тап болған.