Еуроодақ адамның вакцина алғаны туралы сертификат береді

Еуроодақта вакциналау сертификаттары 15 маусымнан бастап беріледі. Онда құжат иесінің есімі, жеке мәліметтері, коронавирусқа қарсы салдырған екпесі туралы деректер мен індетпен соңғы рет қашан ауырғаны көрсетіледі.

Сертификаттар тегін беріледі. Олар қағаз күйінде де, цифрлық форматта да қолжетімді болады. Еуроодақ өкілдері ешкім де құжат алуға мәжбүрленбейтінін айтады. Егер тұрғындар оны рәсімдеуден бас тартса, ұшаққа мінер алдында коронавирусқа тест тапсырады.

Негізі наурыздың басында Қытай билігі де өз азаматтары үшін вакциналау сертификатын енгізген болатын. Ал соңғы мәлімет бойынша Нью-Йорк АҚШ-та алғашқы болып, электронды төлқұжаттарды бере бастады.