ДДСҰ: Коронавирус Уханьдағы сауда базарынан шықпауы мүмкін

Әлемдік пандемияға әкелген коронавирус індеті Ухань қаласындағы «Хуанань» сауда базарынан шыққан жоқ.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері осындай болжам жасап отыр. Халықаралық сарапшылардың пікірінше, қауіпті ауруды жарғанаттар таратқан. Вирустың зертханадан шыққан нұсқасы да шындыққа жанаспайды дейді мамандар.

Естеріңізге салайық, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық сарапшылар тобы қаңтар айында Ухань қаласына барып зерттеу жұмыстарын жүргізген болатын. Ғалымдар вирустың нақты қайдан тарағанын анықтау үшін тергеу ісі әлі де жалғасатынын айтып отыр.