Аляскада тікұшақ апатынан 5 адам қаза тапты

АҚШ-тың Аляска штатында тікұшақ апатынан 5 адам қаза тапты.

Тағы бір жолаушы ауыр жарақатпен ауруханаға түскен. Марқұмдардың арасында 56 жастағы Петр Келлнер есімді Чехия Республикасының ең бай азаматы болған. Forbes-тың мәліметі бойынша оның дәулеті 17,5 млрд долларға бағаланған екен. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, әуе көлігі Анкоридж қаласының маңында құлаған. Апатқа нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Оқиғаның егжей тегжейін анықтау үшін тергеу ісі басталды. Апат болған жерде уақытша ұшақтар ұшпайды.