АҚШ-та атыс болған Ориндж қаласы өте қауіпсіз жер саналады

АҚШ-тың Ориндж қаласында атыс болып, 4 адам ажал құшты.

Рейтер агенттігінің хабарлауынша, тағы 1 адам жарақат алған.

Құрбандар арасында бір бала бар. Атыс бизнес орталығында болған. Көпшілікке оқ жаудырған күдікті де жараланып, қамауға алынды. Естеріңізге сала кетейік, АҚШ-та соңғы 2 аптада бейбіт тұрғындарға үшінші рет оқ атылып отыр. 16 наурызда Атланта қаласында 8 адам көз жұмса, 22 наурызда БОулдер қаласында 10 тұрғынның өмірі қиылды. Оқ жаудырған күдіктілер қазір қамауда отыр.

Дженнифер Амат, Ориндж қаласы полиция департаментінің өкілі:

- Негізі Ориндж өте қауіпсіз қала. Мұндай қанды оқиға өте сирек болады. Қазір құрбандардың жеке басын анықтау, туыстарына тез арада хабарлаужұмыстары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы туралы ақпарат беріп отырамыз.