АҚШ-тың әуе компаниясы жүздеген рейсті кейінге шегерді

Пандемия кезінде әуе тасымалының азаюы салдарынан мыңдаған сапар орындалмай қалған еді.

Соңғы уақытта американдық «Дельта Эйрлайнс» қызметін қолданатын жолаушылар саны күрт артып, пандемияға дейінгі көрсеткіштерге жеткен. Бірақ әуе тасымалдаушы бұған дайын болмай шықты. Салдарынан бір күнде жүздеген рейс кейінге шегерілді. Себебі қызметкерлер тапшы. Коронавирусқа байланысты бұған дейін жұмысшылар ақысы төленбейтін демалысқа жіберілген еді. Басқалары вакцина алып, кейбірінде препараттың жанама әсері байқалған екен. Олар да жұмысқа шықпай қалған.

Сондай-ақ...