Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны бір аптада 11% өсті

Өткен аптада әлемде коронавирустың 4,5 миллионнан астам жағдайы анықталды.

Вирусты жұқтыру деңгейі алдыңғы аптамен салыстырғанда 11% өсті, өлім-жітім 7%-ке артты.

Бұл ақпаратты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы келтірген.

«Әлем бойынша коронавирусты жұқтырғандар саны жетінші апта қатарынан көбеюде», - дейді ұйым.

Соңғы аптада вирустан 76 мыңнан астам адам қайтыс болып, көрсеткіш өткен аптамен салыстырғанда 7% артты.