Токиодағы ТЖ режимі Олимпиада ойындарына кедергі келтірмейді

Токиода енгізілетін  төтенше жағдай режимі Олимпиада ойындарының дайындық барысына кедергі келтірмейді.

Халықаралық Олимпиада комитеті белгіленген кестеге сай жұмыс істейді. Жоспар бойынша Токио мен тағы бірнеше префектурада сәуірдің 29-ынан бастап мамырдың 9-ына дейін Төтенше жағда режимі жарияланбақ. Биліктің бұл шешіміне аймақтағы эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуі себеп болды. Мамандар вирусты жұқтырғандардың саны артып бара жатқанына алаңдаушылық білдіріп отыр.

Естеріңізге салайық, өткен жылға жоспарланған Олимпиада ойындары коронавирус пандемиясының кесірінен бір жылға кейінге шегерілген. Енді спорттық дода ағымдағы жылдың 23 шілдесінде басталуы тиіс. 

Томас Бах, Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті:

- Жапония билігі қабылдап жатқан төтенше жағдай режимі алдағы мереке күндеріне ғана арналады. Оның Олимпиада ойындарына еш қатысы жоқ. Жақын арада Олимпиададағы көрермендердің саны бойынша қосымша ақпарат беретін боламыз.

Сондай-ақ...