Америкалық жастарды вакцина алуға шақырудың жаңа жолы табылды

16 мен 35 жас аралығындағы кезикелген тұрғын вакцина салдыру арқылы 100 долларлық сақтандыру бонусына қол жеткізе алады.

Өйткені штат аумағындағы жастардың дені вакцина алуға немқұрайлық танытып келеді. Мамандардың айтуынша, қарттардың қауіпсіздігі жастардың екпе алуына тікелей байланысты.

Энтони Фаучи, иммунолог:

- Рас, жастардың ковидті жұқтыру ықтималдылығы төмен. Жұқтырған күннің өзінде де қарттар сияқты ауыр халге түсуі сирек тіркеледі. Бірақ, жастар өзінің жалғыз басын ғана ойламау қажет. Өйткені вакцина алмасаңыз вирусты жұқтыру қауіпі жоғары болып қала бермек. Яғни, бір жас жігіт ауырып қалды делік. Ол айналасындағы егде жастағы америкалықтарды жұқтыруы мүмкін. Ал бұл сол қарт адамдар үшін өте қауіпті. Соны естен шығармаңыздар.

Джим Джастис, батыс вирджинияның губернаторы:

- Біздің штатымыздың аумағында 380 мың жас тіркелген екен. Солардың әрқайсысы вакциналануы тиіс. Құлақтарыңызға алтын сырға. Екпенің бір компонентін алсаңыз, 100 долларлық сақтандыру облигациясын беретін боламыз.