Гонконгта вакцина салдырғандар түнгі клубтарға кіре алады

Гонконгтың кешкі ойын-сауық орталығы саналатын Лан Квай Фонг аймағында түнгі клубтар қайта ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ сауық орындарына тек вакцина салдырған адамдар кіре алады. Клуб қызметкерлері де екпе алған. Сарапшылар бұл халықты вакцина салдыруға ынталандыра түседі деген үмітте. Себебі Қытайдың арнайы аймағы тұрғындарының көбі жұқпалы дертке қарсы егілуді қаламайды екен. Айта кетейік, Гонконгта індет басталғалы 12 мыңға жуық адам вирусты жұқтырған.

Бен, коулинг дәрігер:

- Алдағы уақытта коронавирусқа қарсы вакцина алатын адамдар саны көбейеді деген үміттенемін. Себебі, біздегі екпелердің вирусқа қарсы қорғанышы жоғары. Сондықтан адамдар вакцина салдырудан қорықпау керек.

Сондай-ақ...