Бельгия билігі 22 мыңнан астам қару-жарақты балқытып жіберді

Оқ ату құралдарын полиция бүкіл ел аумағынан жинаған.

Жартысын иелері өздері келіп тапсырған. Қалған бөлігі тәртіп сақшыларының жарамсыз болып қалған қаруы. Жинақталған қару-жарақ ерітіліп, одан 60 тонна болат алынды. Енді бұл металл қайта өңдеу үшін құрыш қорыту зауыттарына беріледі.