Калифорнияда орман өрті өршіді

АҚШ-тың Калифорния штатында орман өрті дес бермей тұр. Лос-Анджелес маңындағы тілсіз жау 536 гектар орманды жерді тып-типыл етті.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша мамырдың 14-і басталған өрттің қауіптілігінен мыңнан астам адам эвакцацияланды. Абырой болғанда табиғат апатынан адам шығыны жоқ. Қазір қызыл жалынды ауыздықтау үшін ондаған маман мен тікұшақтар жұмылдырылды. Апатпен күресте аймақта тұрған қатты жел кедергі болып тұр. Жергілікті билік өрттің шығу себебін анықтауға кірісті. Қазір бұл оқиғаға қатысы бар деп танылған екі күдіктіге қатысты тергеу іс басталды.

Сондай-ақ...