Эквадорда автобус жүк көлігімен соқтығысты: қаза болғандар бар

Эквадордың орталығында жолаушылар автобусы мен жүк көлігінің қатысуымен жол апаты болды.

Оқиға салдарынан кем дегенде тоғыз адам қаза тауып, 27 адам жарақат алды.

Апат Каньяр провинциясында болған. Автобус Анд тауларында орналасқан Куэнка қаласынан жағалаудағы Гуаякильге қарай бет алған.