Әлемде юань қымбаттап жатыр

Қытайда ұлттық валюта құны жоғарылап жатыр. Бірақ билік бұл көрсеткішті тоқтатуға тырысып әлек.

Себебі доллар құнының төмендеуі елдегі экспорттаушылар үшін тиімсіз. Қазір юань құны үш жылдағы көрсеткіштен асып кеткен. Бұған елдегі экономиканың пандемиядан кейін қарқынды жандануы себеп. Акциялар нарығына сырттан түсіп жатқан қаражат көбейді. Жергілікті билік ұлттық криптовалютасын да дереу қолданысқа енгізбек. Қазір банктер ғана емес, қарапайым қолданушылар да сандық ақшаны барынша сынап көріп жатыр. Әр қолданушыға 200 киберюань таратылған.