Нигерияда 200 мектеп оқушысы ұрланды

Нигерияның Нигер штатында қарулы топ 200-ге жуық мектеп оқушысын ұрлап әкетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, қаскөйлер Тегина қаласындағы мектепке шабуыл жасаған. Атыстан екі адам жарақат алып, кейін олардың біреуі қаза тапқан. Екіншісі ауыр халде жатыр. Нигер штатының билігі мектепке жасалған шабуылды растап отыр. Алайда ұрланған оқушылардың нақты санын хабарлаған жоқ.

Айта кетейік, балаларды ұрлап әкету оқиғасы Нигерияда алғаш рет тіркеліп жатқан жоқ. Әдетте мұндай қадамға барған радикалдар балаларды босату үшін ақша талап етеді.

Сондай-ақ...