Таиланд АҚШ-тан ежелгі жәдігерлерін қайтарды

Таиланд билігі мыңжылдық тарихы бар тастан жасалған ескерткіштерін АҚШ-тан қайтарып алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, ежелгі жәдігерлер аймақтағы қорықтардан ұрланып, Сан-Францисконың Азиялық өнер мұражайында тұрған. Кейін Таиланд билігі артефакты еліне қайтаруды заң жүзінде талап етті. Енді мамандар ескерткіштерді Бангкоктегі Ұлттық мұражайда сақтайды.