АҚШ-тың 24 штатында жұмыссыздық жәрдемақысы төленбейтін болды

АҚШ-тың 24 штатында коронавирус кезінде жұмыссыздарға төленетін жәрдемақыны алып тастағалы жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Негізі бұл жоспар қыркүйекте іске асуы керек еді. Бірақ Республикалық партия өкілдері аталған көмекті мерзімінен бұрын тоқтатуды талап еткен. Себебі бюджетке масыл тұрғындар нағыз жатып-ішерге айналған. Ал бизнесмендер жұмыс істейтін адам таппай жатқанын алға тартады. АҚШ-та жұмыссыздарға берілетін жәрдемақы көлемі айына 300 долларды құрайды. Елдің Еңбек министрлігінің мәліметі бойынша Америкадағы жұмыссыздық деңгейі сәуір айында 6,1%-ке өскен.

Сондай-ақ...