10 мың волонтер Токио Олимпиадасына көмектесуден бас тартты

Токиодағы Олимпиада ойындары қызу талқыланып жатыр. Өйткені шараны тағы да кейінге қалдыру керек деген пікірлер көбейген.

Жергілікті тұрғындардың көбі осы ойды қолдайды. Себебі жазда коронавирустың төртінші толқыны басталуы мүмкін деген күдік бар. Алайда билік дүбірлі дода қауіпсіз өтетініне сендіріп отыр.      

Волонтер:

- Олимпиада ойындары алдында Токиодағы эпидемиологиялық аухалдың ушығып кеткенін көріп отырмыз. Тіпті төтенше жағдай да жарияланды. Жеке өз басым қазіргі  кезде дүбірлі доданы өткізу қауіпті деп санаймын. Волонтер ретінде көмектесуден бас тартуымның себебі осы.