Еуро-2020 ойындарында вакциналау төлқұжаты қолданылады

Әлемде көрермендер ірі спорттық іс-шараларға жіберіле бастады.

Стадионда футбол ойынын көремін деушілер ковид-сертификат немесе ПТР-тестің теріс нәтижесін көрсетуі тиіс. Ұлыбританияда футболдан Еуропа чемпионатын көруге баратын жанкүйерлерге осындай талап қойылып отыр. Стадионға бармас бұрын адамдар арнайы қосымша арқылы коронавирусқа қарсы екпенің екі дозасын алғанын көрсетуі керек. Немесе ПТР-тест нәтижесі теріс болып шыққанын айғақтайтын қағаз жүктеуі тиіс.

Англия құрамасы маусымның 13-ші мен 22-сі аралығында Уэмбли стадионында үш кездесу өткізеді. Ойынды көруге 20 мың жанкүйер кіргізу жоспарланып отыр.