Израильде орман өртеніп жатыр

Израильде орман өртеніп, Иерусалим аспанын қою түтін тұмшалады, деп хабарлайды «Хабар 24» Unian.net баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұрғындарға сыртқа шықпауға кеңес берілді. Билік өрттің шығуын абайсыздықпен байланыстырып отыр. 

Тілсіз жаудың ауқымдылығы соншалық, ауыздықтауға әуе кемесі мен Израильдің көршілес аймақтарынан құтқарушылар шақырылған.  Өрт қаупі бар аймақтағы автомобиль жолдары және Иерусалим мен Тель-Авивті байланыстыратын магистральдың бір бөлігі жабық.