Ресейдің Сібірі мен Қиыр Шығысында орман өрті дес бермей тұр

Тілсіз жау 550 шаршы шақырымды тып-типыл етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ең үлкен өрт ошағы Саха Республикасында тіркелген. Онда 34 мың гектар орманды алқап өртенді. Ал, Сібірдің Иркутск облысында қызыл жалын 20 мың гектар жерді шарпыған. Апаттан келген шығын жайлы нақты ақпарат жоқ. Мамандар алапат өрттің шығу себебі аптап ыстық пен қуаңшылық болуы мүмкін дейді.

Павел Гарин, Саха Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі қызметі басшысы:

- Жағдай тұрақталып келеді. Өртті анықтау және ауыздықтау жұмыстарына 1153 маман мен 182 техника жұмылдырылды. Ресей авиациясы Иркутск облысына тартылды. Кеше 156 тонна су шашылды.