Америкалық Novavax вакцинасының әсері 90 процентті құрады

Америкалық Novavax компаниясы шығарған вакцинаның әсері 90 процентті құрады.

Бұл АҚШ пен Мексикада өткен клиникалық сынақтың үшінші сатысының нәтижесі бойынша белгілі болды. Компания басшысының мәлімдеуінше, препарат коронавирустың орта және ауыр түрінен де сақтайтынын көрсетті. Ол вирустың британдық және оңтүстікафрикалық штамдарынан да қорғайтынын анықтай алды. Өндірушілер қыркүйек айының соңына дейін АҚШ пен Еуропада вакцинаны қолдануға рұқсат алуды көздеп отыр. Сол кезге дейін компания айына 100 миллион доза шығармақ.

Стэнли Эрк, Novavax компаниясының бас директоры:

Бізге көбірек вакцина қажет. Әлем тұрғындарының тек азғантай бөлігі екпе салдырған. Препараттарды дүние жүзіне тарату керек, әсіресе табысы аз елдерге. Ал біздің вакцина осыған сай келіп тұр, өйткені оны сақтау үшін арнайы тоңазытқыштар қажет емес.

Сондай-ақ...