АҚШ-та жарыс көлігі көрермендерге соғылып, апат болды

АҚШ-тың Техас штатында көліктердің батпақтағы жарысы кезінде бір машина көрермендерді қағып, 29 кісі жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға Фабенс мекенінде болды. Жарысып келе жатқан көлік белгісіз себептермен қоршауды бұзып, көреремендерге барып соғылған. Салдарынан ондаған адам жарақат алып, 8 кісі ауруханаға жеткізілді. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ...