Ирандағы президенттік сайлауда Э. Раиси алда келеді

Иранда кешегі өткен президенттік сайлаудың алдын ала қорытындысы бойынша Жоғарғы соттың төрағасы Эбрахим Раиси алда келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы сайлауды өткізуге жауапты штабтың басшысы Джамаль Орф мәлімдеді. Оның айтуынша, сайлауға қатысқан 29 миллионға жуық сайлаушының 17-і миллионнан астамы Раисиге дауыс берген. Оның қарсыласы Мохсен Резайиді тек 3 миллионан аса адам қолдаған.

Еске сала кетейік, Иранда кеше президенттік және қалалық, ауылдық кеңестерге сайлау өтті. Басты саяси додаға 7 үміткер тіркеліп, кейін үшеуі бас тартқан.

Сондай-ақ...