Әлемде әр үшінші вакцинаны Қытай тұрғыны алады

Қытайда 1 млрд-тан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина қабылдады.

Орта есеппен бұл елде күніне 20 млн доза екпе егіледі. Жуырда Гуандун провинциясындағы эпидемиологиялық ахуалдың ушығуына байланысты аймақтағы екпе егу науқаны қарқын ала бастады. Көрші елдегі қазіргі жағдай жайында алдағы бейнематериалда.

Қытайда коронавирусқа қарсы екпе алғандар саны 1 млрд-қа жетті. Елдің денсаулық сақтау министрлігі вакцина қабылдағандар 1 млн болды деп наурыз айында  жариялаған болатын. Аймақта екпе егу науқанының қарқын алуына Гуандун провинциясында аурудың ушығуы себеп болды. Науқастардың көбі Гуанчжоу қаласында анықталған.

Чэнь Бин, Гуанчжоу қ. Денсаулық сақтау комитет басшысының орынбасары 

Статистикаға сәйкес сейсенбі күні Гуанчжоу тұрғындарына 17 млн екпе егілген. Оның 10 млн-нан астамы вакцинаның бірінші дозасын қабылдады. Қалғандары препараттың екі компонентін салдырған.

Гуандун провинциясында шамамен 200 науқас ауруханада ем қабылдап жатыр. Шаһарда екі апта оқшауланған тұрғын үйлер енді карантиннен шыға бастады. Қала тұрғындарының барлығы 3 мәрте ПТР тест тапсырды. Ал батыс елдерінде бұл вирус зертхана жағдайында пайда болды деген пікір сейілмей жаыр. Жуырда «New York Times» басылымы осы тұжырымдаманы Уханьдағы вирусология институтының жарғанаттардағы коронавирустарды зерттеу бойынша жетекшісі Ши Чжэнлимен талқылады.  Оның айтуынша, пандемияға дейін зертханада вирустың жаңа түрі жайлы еш ақпарат болмаған. Қытай билігі де Батыстың болжамымен келіспей, дәлел ретінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары жасаған баяндамасын негізге алып отыр.

Чжао Лицзянь, Қытай СІМ ресми өкілі:

Өкінішке қарай, АҚШ-та бұл баяндама ескерілмеді. Індет «зертханадан шыққан» деген нұсқаны бұқараға жайып жіберді. Вирустың шығу тегіне қатысты мәселені саясиландырмақ болды. Бұл тақырыпты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары зерттеген.

Әлемде әр үшінші вакцина қытайлық тұрғынға егілді. Жыл соңына дейін ел тұрғындарының 70 процентіне екпе егу жоспарланып отыр. Дәрінің өндірісі де артып барады. Алайда екпе егу науқаны бір ізге қойылғанымен, Қытай билігі әзірше қауіпсіздік шараларын сырттан келгендер үшін жеңілдетпейтін көрінеді. Мәселен, шекарадан өткендер бірнеше рет ПТР тест тапсырып, 3 апта бойы карантинде отыруы шарт.