Майамиде 12 қабатты тұрғын үй құлады

Майами жағажайына жақын жердегі 8777 Collins Ave-де 100-ден астам пәтері бар 12 қабатты Champlain Towers тұрғын үйі құлады, деп хабарлайды «Хабар 24 Unian.net сілтеме жасап

Майами-Дейд өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, оқиға түнгі сағат екі шамасында болған. Оқиға орнына округтен және оған жақын орналасқан қалалардан ондаған құтқару бригадасы жеткен.

88-ші көше мен Коллинз мен Хардинг даңғылының аумағы жабылды. Көше бойында ондаған өрт сөндіру және апатты-құтқару көліктері жұмыс істеп жатыр. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.