Үндістанда мукормикозбен ауырғандар саны 40 мыңнан асты

Үндістанда «қара зең» ауруымен ауырғандар саны 40 мыңнан асты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кеселден 3 мыңнан аса науқас қайтыс болған. Бұл туралы осы елдің Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Дертке шалдыққандардың басым бөлігі коронавирус ең көп таралған Махараштра, Керала, Тамиланд, Батыс Бенгалия және Одиша штаттарының тұрғындары. Ауырғандардың дені 45 пен 60 жас аралығындағы азаматтар.

Айта кетейік, Үндістанда мукормикоз ауруына коронавирустан жазылған азаматтардың шалдығуы жиілеген. Бұл науқастарды емдеу кезінде қолданылған дәрілерден иммунитеттің әлсіреуінен болуы мүмкін деген болжам бар.

Сондай-ақ...