Коста-Рикадағы ең үлкен жанартаулардың бірі оянды

Коста-Риканың солтүстік-батысында орналасқан ең үлкен жанартаулардың бірі - Ринкон-де-ла-Виеа оянды деп хабарлайды «Хабар 24» korrespondent.net сілтеме жасап.

Жанартау биіктігі 3,3 шақырым болатын күлді атқылауда. Төтенше жағдайларды басқару және оның алдын алу жөніндегі ұлттық комиссия жағдайды бағалау үшін сарапшылар жібергенін мәлімдеп, адамдарды жанартауға жақындамауға шақырды.

Қираған ғимараттар және зардап шеккен адамдар туралы ақпарат жоқ.