United Airlines 270 ұшақ сатып алды

Америкалық «United Airlines» компаниясы 270 шағын ұшақ сатып алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл осы бірлестіктің соңғы 10 жылда жасаған ірі саудасы. Себебі компания пандемиядан кейін туризм саласының тез қалпына келуінен үмітті. Тіпті жаңадан қызметкерлер қабылдай бастаған. Қазір компанияның әуе паркі 500-ге жеткен. Олардың 200-і бірлестіктің флотын ұлғайтуға бағытталса, 300-і ескі ұшақтарды ауыстыру мақсатында сатып алынған.