АҚШ-та отшашу жарылып, 16 адам зардап шекті

Лос-Анджелесте заңсыз сатылған отшашулар жарылды.

Салдарынан кем дегенде 16 адам, оның ішінде полиция қызметкерлері жарақат алды.

Жарылыс құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қала аумағында заңсыз сатылған екі тоннадан астам фейерверкті тәркілеу барысында болған.

Ғимараттар мен автокөліктерге де зиян келтірілді, отшашулар тиелген жүк көлігі жартылай қирады.

Жараланған тұрғындардың бір бөлігі ауруханаларға жеткізілді, олардың үшеуі ауыр жарақат алды.