Пандемияның аса қауіпті кезеңі басталды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемияның өте қауіпті кезеңі басталғанын айтып, адамзатты сақ болуға шақырады.

Тедрос Гебрейесустың айтуынша, қауіп-қатер әлі де сейілген жоқ. Ұйым басшысы тығырықтан шығудың жалғыз жолы індетке қарсы дәрі-дәрмек, вакцина, тест пен медициналық құрал жабдықтарды әлем елдеріне теңдей бөліп беру дейді.

Айта кетейік, жаһандағы эпидемиологиялық ахуал әлі де тұрақталмай тұр. Сарапшылардың айтуынша, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерінде науқастар саны 13 процентке азайса, өзге мемлекеттерде дімкәс жандардың қатары керісінше артып барады. Статистика бойынша Еуропада вирус жұқтыру дерегі 28 процентке өсіп кеткен.

Сондай-ақ...